Қазақстандық дзюдошы European Cup жарысында үздік шықты

Қазақстандық дзюдошы European Cup жарысында үздік шықты

Дубровникте дзюдодан European Cup халықаралық турнир өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық дзюдошы Данияр Шамшаев турнирде топ жатыр.

«Үлкен дулыға» жүлдегері жарыстағы бес кездесуде жеңіске жетті.

Данияр алғашқы кездесуінде хорватиялық Лука Катичті, содан кейін австриялық Фирис Бен Саадты жеңді.

Ширек финалда Шамшаев венгриялық Акош Барзикайды жарыс жолынан шығарды. Жартылай финалда қазақстандық дзюдошы тағы бір венгр Адам Калаздан басым түсті.

Шешуші кездесуде Шамшаев француз Максим Гобертті қапы қалдырды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или