World Boxing: бокстан Қазақстан құрамасы Моңғолия астанасына жетті

World Boxing: бокстан Қазақстан құрамасы Моңғолия астанасына жетті

Бокстан Қазақстан құрамасы World Boxing аясындағы Азия чемпионатына қатысу үшін Моңғолия астанасы Ұланбатыр қаласына жетті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Құрлықтық дода 30 наурыз-10 сәуір аралығында өтеді.

Бас бапкер Нұржан Насановтың жетекшілігімен бокстан Қазақстан ерлер құрамасы Түркістан облысында бірлескен оқу-жаттығу жиынын өткізсе, әйелдер құрамасы дайындықты Алматы облысында ұйымдастырды.

Бас бапкер Нұржан Нысанов ерлер құрамасында негізінен тәжірибелі былғары қолғап шеберлеріне сенім артты.

Олардың қатарында Санжар Тәшкенбай (50 келі), Махмұд Сабырхан (55 келі), Оразбек Асылқұлов (60 келі), Ертуған Зейнулинов (65 келі), Төрехан Сабырхан (70 келі), Сабыржан Аққалықов (75 келі), Ерасыл Жақпеков (80 келі), Нұрбек Оралбай (85 келі), Сағындық Тоғамбай (90 келі) және Айбек Оралбай (90 келіден жоғары) бар.

Елдос Сайдалин жетекшілігімен құрлықтық додаға төмендегі былғары қолғап шеберлері қатысатын болды. Олардың қатарында Әйгерім Сәттібаева (48 келі), Жазира Орақбаева (51 келі), Элина Базарова (54 келі), Ұлжан Сәрсенбек (57 келі), Римма Волосенко (60 келі), Лаура Есенкелді (65 келі), Бақыт Сейдіш (70 келі), Валентина Хальзова (75 келі), Надежда Рябец (80 келі) және Дина Исламбекова (80 келіден жоғары) бар.

World Boxing ұйымы ересектер арасындағы алғашқы рет құрлықтық біріншілікті ұйымдастыруды қолға алып отыр.


Қазақ боксшысы нокаутпен алтынға қол жеткізді

Данияр Елеусінов сәуірде жекпе-жек өткізбейтін болды

Майк Тайсон Мейвезермен болатын жекпе-жек жайлы айтты

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или