Қазақстандық спортшы бокс жекпе-жегінде жеңіліске ұшырады
Қазақстандық файтер Еркебұлан Тоқтар Арменияның Ереван қаласында өткен Hype FC 28 турниріне қатысты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Тоқтар қырғызстандық Марсель Нұрланбек уулумен жұдырықтасты. Жеңіл салмақтағы жекпе-жек бокс ережесі бойынша MMA қолғаптарымен өтті. Қырғыз спортшысы төрешілер шешімімен сенімді жеңіске жетті.
Еркебұлан Тоқтардың кәсіби аралас жекпе-жек мансабынағы қазіргі рекорды 11-3. MMA-дағы соңғы жекпе-жегі өткен жылдың тамыз айында өткізіп, ирандық спортшы Фарзад Гадериді екінші раундта (19-17) нокаутқа жіберді. Марсель Нұрланбек уулуның MMA рекорды 14-0.
Жеңіліс дәмін татпаған файтер қайта оралады
UFC титулын Қазақстанға Шавкаттан бұрын кім әкеледі?
Шавкаттың бапкері: «Рахмоновпен айқасу Ислам үшін тым қауіпті»
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или