Өзбекстан шабуылшысы тағы да тарих жазды

Өзбекстан шабуылшысы тағы да тарих жазды

Өзбекстан құрамасының шабуылшысы Эльдор Шомуродов ұлттық командадағы гол саны бойынша өз рекордын жаңартты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ол FIFA Series турнирінде Габонға қарсы матчта 14-минутта гол соқты. Бұл оның құрама сапындағы 89 ойында соққан 44-голы болды.

30 жастағы футболшы Өзбекстан құрамасының тарихындағы үздік сұрмерген саналады.

2015 жылдан бері ол 27 түрлі ұлттық құраманың қақпасына гол соғып үлгерген. Сонымен қатар оның еншісінде 12 нәтижелі пас бар.

Келесі ойында Өзбекстан құрамасы 30 наурыз күні Венесуэлаға қарсы алаңға шығады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или