Шымкент клубы колумбиялық ойыншыны алмақ болған
Шымкенттік «Ордабасы» колумбиялық вингер Хоан Карбонероны қатарға қосу мүмкіндігін қарастырды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Дереккөз мәліметінше, клуб 26 жастағы футболшының агентімен келіссөз жүргізген. Қазіргі таңда ол бразилиялық «Интернасьонал» сапында өнер көрсетіп жүр.
Ойыншы тарапынан айына 60 мың доллар жалақы сұралған, ал клуб оны шамамен 2 миллиард теңгеге сатуға дайын болған.
Алайда бұл трансфер жүзеге аспады. Соған қарамастан, мұндай келіссөздер қазақстандық клубтардың трансфер саясаты өзгеріп жатқанын көрсетеді.
Енді клубтар тек еркін агенттерді шақырумен шектелмей, толыққанды трансферлерге қаржы бөлуге дайын екені байқалады. Бұл бағытты бұған дейін «Қарабах» клубы сәтті қолданған. Қазір осы жолға «Ордабасы», «Ақтөбе» және «Елімай» да бет бұра бастаған.
Transfermarkt мәліметі бойынша, Карбонероның нарықтағы құны шамамен 4 миллион еуро. Ол Колумбия құрамасы сапында екі матч өткізген.