Санкт-Петербургте «Қайрат» 0:2 есебімен ұтылды

Санкт-Петербургте «Қайрат» 0:2 есебімен ұтылды

Санкт-Петербургте өткен жолдастық матчта «Қайрат» ресейлік «Зениттен» 0:2 есебімен жеңілді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесу «Газпром Арена» стадионында өтті. Алаң иелері бірінші таймда-ақ есепті шешіп тастады.

12-минутта Нино есеп ашса, 21-минутта Александр Соболев айырмашылықты екі голға жеткізді.

Екінші таймда есеп өзгерген жоқ.

Айта кетейік, биылғы маусымда «Қайрат» Чемпиондар лигасына қатысып, жалпы кезеңде сегіз матчта бір ұпай жинап, 36-орын алған еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или