«Қайсар» камерундық шабуылшымен келісімге келе алмады
Қызылордалық «Қайсар» камерундық шабуылшы Абдель Кадерді өз қатарына қоса алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Дереккөз мәліметінше, клуб литвалық «Хегельманнмен» ойыншының трансфері бойынша келісімге келген. Алайда соңғы сәтте футболшы Қазақстанға ауысудан бас тартқан.
Өткен маусымда 22 жастағы форвард 34 матч өткізіп, 15 гол соққан.
Қазіргі уақытта «Қайсар» шабуылшы позициясына легионер іздеуді жалғастырып жатыр.
Transfermarkt мәліметі бойынша, футболшының нарықтағы бағасы шамамен 600 мың еуро. Ол «Хегельманн» клубында 2024 жылдан бері ойнап келеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или