Алматылық клуб 5:2 есебімен басым түсті

Алматылық клуб 5:2 есебімен басым түсті

Алматылық «Қайрат» футзалдан Қазақстан чемпионатының 35-туры аясында өз алаңында «Аятты» 5:2 есебімен жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ойын басында алаң иелері бірден басымдыққа ие болды. 2-минутта Эдсон Сантос есеп ашты. Алайда 5-минутта Джефферсон дос Сантос таразы басын теңестірді. Соған қарамастан, бірінші тайм соңына дейін «Қайрат» алға шығып, Даурен Тұрсағұлов пен Атирсон Оливейра гол соқты.

Екінші таймда ойын қарқыны жоғары деңгейде жалғасты. Джефферсон дос Сантос дубль жасап, есеп айырмасын қысқартты. Бірақ «Қайрат» басымдығын сақтап қалды. Кейін Кайо Руиз төртінші голды соғып, Уго Невеш кездесудің соңғы нүктесін қойды — 5:2.

Осы жеңістен кейін «Қайрат» 86 ұпай жинап, «Семеймен» теңесті. Дегенмен қосымша көрсеткіштер бойынша екінші орында тұр. Ал «Аят» 59 ұпаймен бесінші сатыда орналасқан.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или