Екі дүркін ҚПЛ чемпионына миллиардер баға берді
«Шахтер» клубының иесі, қазақстандық кәсіпкер Тимур Турлов командасының алдағы маусымға дайындық деңгейін бағалады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қарағандылық екі дүркін ҚПЛ чемпионы өткен күзде жеке меншікке өтті. Қазіргі маусым команда Бірінші лигада бастайды.
«Команда чемпионатқа дайын кіріп, ең жоғары орындар үшін күресіп, өте сапалы заманалы футбол көрсетеді. Старт алдында біз барлық ішкі мәселелерді толық шештік, жетекшілікке және бапкерлік штабқа мықты мамандарды шақырдық, толыққанды маусым алдында дайындық өткіздік, соның ішінде Түркияда да жаттықтық» деді бизнесмен.
Айта кетелік, Тимур Турлов 5,8 миллиард долларлық байлыққа ие болып, Қазақстанның 75 ең бай бизнесмендері рейтингісінде екінші орынға тұрақтаған.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или