Доминик Собослаи Ливерпуль клубының құнды ойыншысы атанды

Доминик Собослаи Ливерпуль клубының  құнды ойыншысы атанды

Доминик Собослаи Ливерпуль клубының осы маусымдағы ең құнды ойыншысы деп танылды. Бұл туралы ESPN мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жартылай қорғаушы осы маусымда 20 нәтижелі әрекет жасап, командаға үлкен үлес қосты. Сонымен қатар, ол әртүрлі позицияларда, тіпті оң жақ қорғаушы ретінде де ойнап, әмбебаптығын көрсетті.

Дереккөздің мәліметінше, Собослаи маусым бойы жоғары деңгейде өнер көрсетіп, бірнеше матчта айып соққыларынан әдемі голдар соғып, стандартты жағдайларды шебер орындауымен көзге түсті. Ол команда ішінде көшбасшыға айналып, көп ойыншыларға үлгі болды.

ESPN АПЛ-дің топ-клубтарындағы ең құнды футболшылар тізімін жасағанда ойыншылардың жеке шеберлігі мен команданың тактикасындағы рөлін ескерген. Зерттеуге Премьер-лига мен Чемпиондар лигасында кемінде 900 минут ойнаған футболшылар ғана енгізілген. Сонымен қатар, Opta және Gradient Sports деректері пайдаланылған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или