«Реалдың» алғашқы жазғы трансфері белгілі болды

«Реалдың» алғашқы жазғы трансфері белгілі болды

Футбол инсайдері Фабрицио Романо мадридтік Реал Мадрид клубының жазғы трансферлік кезеңдегі алғашқы ықтимал жаңа ойыншысын атады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Дереккөзге сүйенсек, «корольдік клубтың» алғашқы трансфері «Комо» жартылай қорғаушысы Нико Пас болмақ. «Реал» футболшының болашағын толық бақылауда ұстап отыр және оны ұзақмерзімді жобаның бір бөлігі ретінде қарастырады.

Мадридтік клуб өз тәрбиеленушісін кері сатып алу құқығына ие. Футболшы 2024 жылы Италияға ауысқан. Келісімшарт бойынша, биылғы жазда оны 9 миллион еуроға, ал келесі жылы 10 миллион еуроға қайта сатып алу мүмкіндігі қарастырылған.

Айта кетелік, «Реал» ойыншының болашақтағы трансферінен 50 пайыз үлес алу құқығын да сақтап қалған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или