Самоделкина ЧМ-2026-дан кейінгі көңіл күйімен бөлісті

Самоделкина ЧМ-2026-дан кейінгі көңіл күйімен бөлісті

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина 2026 жылғы әлем чемпионатындағы еркін бағдарламадан кейінгі әсерімен бөлісіп, өнер көрсетуі неге толық сәтті шықпағанын түсіндірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Отандасымыз екі бағдарлама қорытындысы бойынша 187,53 ұпай жинап, 12-орынға тұрақтады. Спортшы өз нәтижесіне толық көңілі толмағанын жасырмады. Оның айтуынша, жаттығудағы көрсеткіші жарысқа қарағанда әлдеқайда жақсы болған.

Самоделкина сонымен қатар тізесіндегі жарақаттың әлі де мазалап жүргенін атап өтті. Кей кездері ол күніне небәрі бір сағат қана жаттығуға мәжбүр болған. Осыған байланысты спортшы алдағы уақытта денсаулығын қалпына келтіріп, демалуды жоспарлап отыр.

Соған қарамастан, қазақстандық спортшы мұз айдынында соңына дейін күрескенін айтып, өзіне риза екенін жеткізді.

Самоделкина ЧМ-2026-дан кейінгі көңіл күйімен бөлісті

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или