Қазақстандық теннисші Үндістандағы турнирдің жұптық сынында финалға шықты
Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева (WTA рейтингінде 419-орында) Үндістанның Нагпур қаласында өтіп жатқан ITF W15 турнирінің жұптық сынында финалға сәтті шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жартылай финалдық кездесуде Куламбаева ресейлік теннисші Екатерина Яшинамен (666-орында) бірге өнер көрсетті. Олардың қарсыластары үнді теннисшілері Соха Садик (1284-орында) және Мадхурима Савант (1432-орында) болды. Кездесу де қазақстандық-ресейлік жұп екі сетте 7:6 (7:4), 6:3 есебімен жеңіске жетті.
Финалда Құламбаева мен Яшина ресейлік Ксения Ласкутова (1118-орында) және Элина Неплий (689-орында) дуэтімен кездеседі. Турнирдің шешуші кездесуі 28 наурызда өтеді. Матч Қазақстан уақыты бойынша сағат 13:00-де басталады деп жоспарланған.
Рыбакина Майами турнирінде әлемнің үздігіне жол берді
Қазақстандық теннисші Италиядағы жарысқа қатысты
Елена Рыбакина - Талия Гибсон кездесуі қалай өтті. Видео