Қазақстандық спортшы әлем чемпионатындағы өнерін аяқтады

Қазақстандық спортшы әлем чемпионатындағы өнерін аяқтады

Мәнерлеп сырғанаудан Прагада (Чехия) өтіп жатқан әлем чемпионаты аясында әйелдер арасында жарыс аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҰОК-қа сілтеме жасап.

Қазақстан атынан Софья Самоделкина өнер көрсетті. Қысқа бағдарламадан кейін ол 12-орында тұрған еді.

Еркін бағдарламадағы өнері үшін мәнерлеп сырғанаушы төрешілерден 120.58 ұпай алды. Жалпы есепте 187.53 ұпай жинап, әлем чемпионатын 12-орынмен аяқтады.

Алтын медальді жапониялық Каори Сакамото иеленді - 238.28 ұпай. Ол әлем чемпионатында төртінші рет жеңімпаз атанды.

Тағы бір жапониялық Моне Чиба (Жапония) екінші орын алды - 228.47 ұпай. Ал үздік үштікті бельгиялық Нина Пинцарроне түйіндеді - 215.20 ұпай.

Қазақстанда паделден халықаралық турнир өтеді

Шок мәлімдеме: Рахмонов балаларынан бас тартты ма?

Қазақстандық спортшылар Азия кубогы кезеңінде үш финалға жолдама алды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или