Алаң иелері төрт матчта да жеңіске жетті
Континенттік хоккей лигасының плей-офф кезеңінде өткен кезекті ойын күнінде алаң иелері толық үстемдік көрсетіп, барлық төрт матчта да жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Челябинскінің «Тракторы» өз айдынында «Ак Барсты» 3:2 есебімен ұтып, сериядағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Ал Уфаның «Салават Юлаевы» тартысты ойында «Автомобилисті» 4:3 есебімен жеңіп, серияда алға шықты( 2:1).
Сонымен қатар, Нижний Новгородтың «Торпедосы» «Северстальдан» 3:1 есебімен басым түсіп, жалпы есепте 2:1-ге шықты. Ал Санкт-Петербургте өткен матчта СКА мәскеулік ЦСКА-ны 1:0 есебімен жеңіп, сериядағы есеп айырмасын қысқартты.
Айта кетелік, осылайша ойын күнінде барлық кездесулерде алаң иелері жеңіске жетіп, плей-оффтағы тартыс одан әрі қыза түсті.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или