Қазақстандық бапкердің командасы сериядағы алғашқы жеңісіне жетті

Қазақстандық бапкердің командасы сериядағы алғашқы жеңісіне жетті

Құрлықтық хоккей лигасының Гагарин кубогы плей-офф кезеңінде «Трактор» өз алаңында «Ак Барс» командасын 3:2 есебімен жеңді,  деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл жеңіс қазақстандық маман Евгений Корешков шәкірттері үшін сериядағы алғашқы табыс болды.

Ойынның екінші кезеңінде алаң иелері үш шайба соғып, матч тағдырын шешті. Қонақтар соңғы кезеңде есеп айырмасын қысқартқанымен, таразы басын теңестіре алмады.

Айта кетелік, қазіргі таңда сериядағы есеп 2:1 — «Ак Барс» алда келеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или