Атақты файтер бес жылға сотталды

Атақты файтер бес жылға сотталды

Ultimate Fighting Championship ұйымының жекпе-жек шебері Диего Санчес бес жылға шартты түрде сотталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

44 жастағы америкалық 2025 жылдың шілде айында тасжолда болған оқиғадан кейін ұсталған. Полиция мәліметінше, ол жол апаты болған жердің жанынан өтіп бара жатып, көліктің ішінен оқ атқан. Санчес өз кінәсін мойындады, ал қаруды абайсыз қолдану туралы екінші айып алынып тасталды.

Прокурорлар оны екі жылға бас бостандығынан айыруды сұрағанымен, сот бес жыл шартты жаза тағайындады. Санчестің айтуынша, сол кезде ол психологиялық қиындықтарға тап болып, өзінің әлсіз тұстары мен, күресіп жүрген.

Айта кетейік, ол The Ultimate Fighter шоуының алғашқы маусымы арқылы танылып, 2005–2022 жылдары UFC-де өнер көрсетті. Кейін BKFC лигасында бір жекпе-жек өткізген.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или