Кроос «Реалдың» жаңа көшбасшысын атады, бірақ Мбаппе емес

Кроос «Реалдың» жаңа көшбасшысын атады, бірақ Мбаппе емес

Реал Мадрид клубының бұрынғы жартылай қорғаушысы Тони Кроос командадағы қазіргі басты ойыншының кім екенін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Неміс футболшысы көпшілік күткендей Килиан Мбаппе немесе Винисиус Жуниорды емес, уругвайлық Федерико Вальвердені ерекше атап өтті.

Кроостың айтуынша, дәл осы Вальверде биыл команда жауапкершілігін толық өз мойнына алып, ойнап жүр. 

Айта кетелік, Вальверде осы маусымда барлық турнирде 42 матч өткізіп, 8 гол соғып, 12 нәтижелі пас берген.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или