Қарағандылық хоккейші ҚХЛ рекордын қайталады

Қарағандылық хоккейші ҚХЛ рекордын қайталады

Қарағандыда дүниеге келген Григорий Панин Құрлықтық хоккей лигасының плей-офф кезеңінде тарихи көрсеткішке қол жеткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Салават Юлаев» командасының капитаны «Автомобилистке» қарсы өткен 1/8 финал сериясының үшінші матчында ҚХЛ плей-оффындағы 178-ойынын өткізіп, қорғаушылар арасындағы рекордты қайталады. Осылайша, ол бұл көрсеткіш бойынша Евгений Бирюковпен теңесті.

Қазіргі таңда Панин ҚХЛ плей-оффы тарихында екінші орынға көтерілді. Ал көш басында 189 матчпен Илья Каблуков тұр.

Айта кетелік, тәжірибелі қорғаушы бұған дейін «Ак Барс» пен ЦСКА клубтарында ойнап, екі рет Гагарин кубогын жеңіп алған. 2017 жылдан бері «Салават Юлаев» сапында өнер көрсетіп келеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или