Овечкин тағы да тарих жазды
Ұлттық хоккей лигасының чемпионатында Александр Овечкин өзінің мықтылығын тағы бір мәрте дәлелдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Вашингтон Кэпиталз шабуылшысы «Юта Маммотқа» қарсы ойында хет-трик жасап, ерекше жетістікке қол жеткізді. 40 жастағы хоккейші бір маусымда 40 жастан асқан ойыншылар арасында екі рет хет-трик жасаған тарихтағы үшінші ойыншы атанды. Бұған дейін мұндай нәтижеге тек Джонни Бьюсик (1975/1976) пен Горди Хоу (1968/1969) жеткен.
Айта кетелік, аталмыш кездесуде Вашингтон Кэпиталз сырт алаңда «Юта Маммотты» 7:4 есебімен жеңді. Матч Солт-Лейк-Ситидегі «Дельта-центр» аренасында өтті.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или