Андрей Финонченко «Шахтердің» жаңа бас бапкері атанды
Қарағандылық «Шахтер» футбол клубы жаңа бапкердің есімін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қарағандылық клуб 65 жастағы Дмитрий Огайдың бас бапкер қызметінен кеткенін хабарлады.
Оның орнын «кеншілердің» аңызы Андрей Финонченко басты.
«Андрей Юрьевич – командамыздың тірі аңызы. Ол футболшы мансабын бір ғана клубта өткізіп, командаға деген адалдығы мен беріктігін дәлелдеген маман. Бұған дейін жасөспірімдер және жастар командаларында жұмыс істеп, сондай-ақ негізгі команданың бас бапкері қызметін де атқарған. Жақында Швейцарияның Ньон қаласында PRO лицензиясын оқып келді» , - деп жазды қарағандылық клубтың баспасөз қызметі.
«Шахтер» клубының алдына қойған мақсаты белгілі болды
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или