Екінші лигада сынға түсетін командалар белгілі болды

Екінші лигада сынға түсетін командалар белгілі болды

Футболдан Қазақстан екінші лигасында сынға түсетін командалар саны белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл жөнінде Қазақстан Кәсіпқой футбол лигасы мәлім етті.

Биыл екінші лигада барлығы 20 команда бақ сынайды. Олар Оңтүстік-Батыс, Солтүстік-Шығыс конференциясы бойынша шеберлік байқасады.

Оңтүстік-Батыс конфренциясында «Талас» (Жамбыл облысы),

«Ордабасы-Ж» (Шымкент), «Қайсар-Ж» (Қызылорда), «Тараз-Ж», «Атырау-Ж», «Хромтау» (Ақтөбе облысы), «Тұран-Ж» (Түркістан), «Жас Қыран» (Алматы), «Қаршыға» (Алматы облысы), «Хан тәңірі-Ж» (Алматы) командалары сынға түседі.

Ал Солтүстік-Шығыс конференциясында «Шахтер-Ж» (Қарағанды), «Жетісу-Ж» (Талдықорған), «Ертіс-Ж» (Павлодар), «Оқжетпес-Ж» (Көкшетау), «Жеңіс-Ж» (Астана), «Қызылжар-Ж» (Петропавл), «Алтай-Ж» (Өскемен), «SD Family» (Астана), «Ұлытау-Ж» (Жезқазған), «Аңсат» (Павлодар) клубтары ойнайды.

Алғашқы тур ойындары 1-2 сәуір күндері өткізіледі.

Ақтаудағы жаңа стадионның жобасы мақұлданды

Қазақстан - Словакия матчының тікелей трансляциясы

«Шахтер» Бірінші лигаға қатысатын құрамын жариялады

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или