Шавкат Рахмоновтың әйеліне қатысты сот үкімі шықты

Шавкат Рахмоновтың әйеліне қатысты сот үкімі шықты

Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты белгілі спортшы Шавкат Рахмоновтың әйеліне қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Сот үкімімен Р. ҚК 345-бабының 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды және 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ 7 жыл автокөлік басқара алмайды.

Жәбірленуші тарап кешірім берді және ешқандай арыз жазбады. Сонымен қатар ауыр жаза тағайындамауды сұрады.

Сотталушының 2 жастан 9 жасқа дейінгі 4 баласы болуына байланысты ҚК 74-бабының 1-бөлігінің негізінде жазаны орындау 5 жылға шегерілді.

Сондай-ақ, сотталушы өз кінәсін мойындамады.

«Сот үкімімен Р. ҚК 345-бабының 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды және оған 7 жыл мерзімге автокөлік құралдарын басқару құқығынан айыра отырып, 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. ҚК 74-бабының 1-бөлігінің негізінде жазаны орындау 5 жылға кейінге қалдырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ», - делінген хабарламада.

Жеңіліс дәмін татпаған файтер қайта оралады

UFC титулын Қазақстанға Шавкаттан бұрын кім әкеледі?

Шавкаттың бапкері: «Рахмоновпен айқасу Ислам үшін тым қауіпті»

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или