Қазақстан - Словакия. Тікелей трансляция
27 наурыз, жұма күні Түркістанда 2027 жылғы Еуропа футбол чемпионатына іріктеу матчы өтеді. Қазақстан U-21 құрамасы Словакиямен ойнайды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстан мен Словакия арасындағы матчтың тікелей эфирі Қазақстан уақыты бойынша сағат кешкі 20:00-де басталады. Ойынды Qazsport телеарнасынан көруге болады.
D тобындағы бес ойыннан кейін Қазақстан төрт ұпаймен алтыншы орында тұр. Алты ойын өткізіп, 13 ұпай жинаған Словакия турнир кестесінде екінші орында.
Ағымдағы іріктеу кезеңіндегі Қазақстан мен Словакия U-21 құрамалары арасындағы алғашқы матч қараша айында Прешовта өтіп, Словакия пайдасына 2:1 аяқталды.
D тобындағы командалардың қазіргі турнир кестесі келесідей: Англия - 15 ұпай (5 матч), Словакия - 13 ұпай (6 матч), Ирландия - 7 ұпай (5 матч), Андорра - 6 ұпай (7 матч), Молдова - 4 ұпай (6 матч), Қазақстан - 4 ұпай (5 матч).