Диас Жиренбаев әлем чемпионатында дебют жасады
Чехия астанасы Прагада мәнерлеп сырғанаудан ерлер қысқа бағдарламада сайысқа түсті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.
Қазақстан атынан 22 жастағы Диас Жиренбаев алғаш рет жаһандық додаға қатысып, 59.34 ұпай жинады. Осылайша отандасымыз жарыс жолын аяқтады.
Айта кетейік, Милан Олимпиадасының чемпионы Михаил Шайдоров биылғы әлем чемпионатына қатыспауға шешім қабылдаған.
Қысқа бағдарламаның қорытындысы:
1-орын. Илья Малинин (АҚШ) - 111.29 ұпай
2-орын. Адам Сяо Хим Фа (Франция) - 101.85 ұпай
3-орын. Александр Селевко (Эстония) - 96.49 ұпай
Енді ертең, 27 наурыз күні әйелдер бәсекесінде Софья Самоделкина шешуші еркін бағдарламада өнер көрсетеді.
Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты марапаттады
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или