Майами турнирі: Рыбакина басты бәсекелесінен ұтылды
Қазақстандық Елена Рыбакина (WTA рейтингінде 2-ші орында) мен беларусьтік Арина Соболенко (1-ші орында) Майами ашық чемпионатының (АҚШ) жартылай финалында кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Өкінішке қарай, Арина екі сетте 6-4, 6-3 есебімен жеңіске жетті.
Соболенко финалда АҚШ теннисшісі Кори Гауффпен (4-ші орында) кездеседі. Егер жеңіске жетсе, екінші жыл қатарынан турнир чемпионы атанады.
Майами ашық чемпионаты 28-ші наурызға дейін жалғасады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или