Қазақстандық файтер рингке шығады
Қазақстандық MMA файтері Еркебұлан Тоқтар (11-3) алдағы қарсыласы қырғызстандық Марсель Нұрланбек Уулымен (14-0) бетпе-бет кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қос спортшының жекпе-жегі 28 наурызда Арменияның Ереван қаласында өтеді. Жеңіл салмақтағы жекпе-жек MMA қолғабында бокс ережесі бойынша өтеді.
Еркебұлан соңғы жекпе-жегін 28 желтоқсанда Ташкентте өткізді. Өзбекстан астанасының басты аренасы Humo Arena-да жергілікті файтер Тимур Никулинді бокс жекпе-жегінде бірінші раундта нокаутқа жіберді.
Нганну мен Джейк Пол текетіресі қыза түсті
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или