Ссапыда семсерлесу бойынша Әлем кубогы басталды
Астанада ерлер мен әйелдер арасында сапыда семсерлесу бойынша Әлем кубогы басталды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл - Халықаралық семсерлесу федерациясының (FIE) қолдауымен өтетін маңызды халықаралық турнир. Қазақстан алғаш рет осындай деңгейдегі жарысты қабылдап, Орталық Азия елдері арасында Әлем кубогын өткізген алғашқы ел атанды.
Турнирдің бірінші күнінде ерлер арасындағы іріктеу жарыстары өтті. Қазақстан атынан жақсы деңгейде өнер көрсетуге 30 спортшы шықты. Топтық кезеңде (пулдарда) әр қатысушы кемінде алты жекпе-жек өткізді. Іріктеу нәтижелері бойынша кейбір спортшылар тікелей келесі кезеңге өтті. Қалғандары 128 жолақты плей-офф арқылы, кейін 64 жолаққа шығу үшін жарысты жалғастырды.
Келесі кезеңге өткендер:
1. Ерлік Сертай
2. Кирилл Проходов.
64 жолаққа шығу спортшыларға 28 наурызда өтетін, жүлде үшін негізгі кезеңде күресуге мүмкіндік береді.
Қазақстандық спортшылар Азия кубогы кезеңінде үш финалға жолдама алды