«Шахтер» клубының жаңа маусымдағы жоспары белгілі болды
Қарағандылық «Шахтер» футбол клубының басшысы Тимур Турлов ұжымның маусым алдындағы таныстырылымында жаңа маусымға қойған мақсатына тоқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Маусымға дайынбыз. Мықты әрі жастардан құралған футболшыларды жасақтады. Ең бастысы - жоспарымызға кірген футболшыларды қатарымызға қостық. Енді ғана жаңа ойыншылар жинақталса да, Бірінші лигада чемпион атанамыз деген сенімдеміз. Өңірде футболға жасалып жатқан әрекеттеріміздің арқасында талантты ойыншылар өсіп шығады деп ойлаймын», - деді клуб басшысы.
Айта кетейік, «Шахтер» клубы екінші жыл қатарынан Бірінші лигада өнер көрсетіп келеді. Кәсіпкер Тимур Турлов 2025 жылдың қараша айында клубты сатып алған болатын.
«Шахтер» футбол клубының таныстырылымы өтті
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или