Жеңіл атлетикадан Қазақстан чемпионаты өтеді

Жеңіл атлетикадан Қазақстан чемпионаты өтеді

27-29 наурыз аралығында «Алматы Арена» спорт кешенінде спорттық жүріс, лақтыру және ұзақ қашықтықтарға жүгіруден Қазақстан чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

ҚР Жеңіл атлетика федерациясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған сынға еліміздің өңірлерінен жиналған спортшылардан бөлек, ұлттық құрама үздіктері түгел қатысады.

Атап айтар болсақ, диск, ядро және найза лақтырудан Евгений Лабутов, Максим Сажнев, Варвара Назарова, Наталья Соколова, Әйгерім Манасбай, Артур Гафнерлер ел чемпионатының жүлдесі үшін жарыс жолына шығады.

Сондай-ақ, спорттық жүрістен Азия чемпионатының жүлдегері Ясмина Тоқсанбаева, тәжірибелі Галина Якушева, Сабрина Арзиева, Кристина Морозовалар ұлттық біріншіліктің алтынын сарапқа салады.

Ал тас жолда ұзақ қашықтыққа жүгіруден Диана Айдосова, Ақбілек Құралбай, Виктория Сукачёва, Арина Гладышева, Дарья Миллер, Максим Фроловский, Вадим Левченков, Айбол Омар, Ринат Кулыгин бастаған үздіктер өзара мықтыны анықтайды.

Қазақстан біріншілігі 27 наурыз күні таңғы сағат 09:30-да басталады.

Астанада әлем чемпионаты өтеді

Азия чемпионаты: Нора Джеруто алтын алды

Қазақстан жеңіл атлетика федерациясына жаңа президент тағайындалды


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или