«Оқжетпес» тәжірбиелі футболшымен келісімшартқа отырды
«Оқжетпес» футбол клубы тәжірибелі қазақстандық жартылай қорғаушы Еркебұлан Нұрғалиевпен келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл жөнінде көкшетаулық команданың баспасөз қызметі мәлім етті.
Еркебұлан Нұрғалиев 1993 жылы 12 қыркүйекте Семей қаласында дүниеге келген. Кәсіби футбол мансабын «Спартак» (Семей) командасында бастап, «Ертіс», «Алтай», «Верея», «Ақжайық», «Шахтёр», «Каспий», «Ақтөбе», «Елімай» командаларының жейдесін киген.
2017 жылғы футбол маусымында Еркебұлан Нұрғалиев «Оқжетпес» намысын қорғаған.
Вороговский Қазақстан құрамасының үздік сұрмергендері қатарына енді
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или