Елена Рыбакина – Арина Соболенко. Тікелей трансляция

Елена Рыбакина – Арина Соболенко. Тікелей трансляция

Әлемнің екінші ракеткасы, қазақстандық Елена Рыбакина Майамидегі (АҚШ) «Мастерс» турнирінің жартылай финалында WTA рейтингінің көшбасшысы, беларусь өкілі Арина Соболенкомен кездеседі, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл биылғы маусымдағы спортшылардың үшінші бетпе-бет кездесуі болмақ. Осы жылдың басында Рыбакина Australian Open финалында Соболенконы жеңсе, кейінірек Арина Индиан-Уэллс турнирінің шешуші матчында есе қайтарған болатын.

Жеке кездесулерде 9-7 есебімен беларусь теннисшісі алда келеді.

Әлемнің қос үздігі арасындағы тартысты кездесу 27 наурыз күні таңертең, Қазақстан уақытымен 05:30-да басталады және оны мына сілтеме арқылы көруге болады.

Айта кетейік, Майами турнирі 17–28 наурыз аралығында өтеді. Жүлде қоры 9,4 миллион долларды құрайды. Қазіргі чемпион — Арина Соболенко, ол өткен жылы финалда Джессика Пегуланы жеңген еді.

Соболенко Рыбакинамен текетірес туралы пікір айтты

Елена Рыбакина Майамидегі турнирдің жартылай финалына шықты

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или