Мәнерлеп сырғанау: Диас Джиренбаев әлем чемпионатында дебют жасады

Мәнерлеп сырғанау: Диас Джиренбаев әлем чемпионатында дебют жасады

Бүгін Чехия астанасы Прагада мәнерлеп сырғанаудан ерлер қысқа бағдарламада сайысқа түсті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстан атынан 22 жастағы Диас Джиренбаев алғаш рет жаһандық додаға қатысып, 59.34 ұпай жинады. Осылайша отандасымыз жарыс жолын аяқтады.

Айта кетейік, Милан Олимпиадасының чемпионы Михаил Шайдоров биылғы әлем чемпионатына қатыспауға шешім қабылдаған.

Қысқа бағдарламаның қорытындысы:

  • 1-орын. Илья Малинин (АҚШ) - 111.29 ұпай
  • 2-орын. Адам Сяо Хим Фа (Франция) - 101.85 ұпай
  • 3-орын. Александр Селевко (Эстония) - 96.49 ұпай


Енді ертең, 27 наурыз күні әйелдер бәсекесінде Софья Самоделкина шешуші еркін бағдарламада өнер көрсетеді.

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты марапаттады

Самоделкина әлем чемпионатында 12 орынға тұрақтады

Қазақстандықтар Ербол Хамитовке ерекше құрмет көрсетті

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или