Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады
Қасым-Жомарт Тоқаев XIV қысқы Паралимпиада ойындарының чемпионы Ербол Хамитовты қабылдады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Президен XIV қысқы Паралимпиада ойындарында (Италия) жоғары спорттық жетістіктері үшін Ербол Хамитовты III дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады.
Еске сала кетейік, Италияда өткен Паралимпиада-2026 ойындарында Ербол Хамитов бір алтын және бір қола медаль жеңіп алды.
Сондай-ақ, Туризм және спорт министрлігіне қарасты Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының жаттықтырушылары Василий Коломиец пен Антон Ждановичке «Парасат» ордені табысталды.
Ал Солтүстік Қазақстан облысындағы «Үміт» мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорт клубының жаттықтырушысы Аслан Токбаев «Құрмет» орденімен марапатталды.
Қазақстандықтар Ербол Хамитовке ерекше құрмет көрсетті
Ербол Хамитов Милан-Кортина Паралимпиадасының жеңімпазы!
Ербол Хамитов қысқы Паралимпиада ойындарының қола жүлдегері атанды