«Алтын доп» иегері «Реалға» ауысуға келісімін берді

«Алтын доп» иегері «Реалға» ауысуға келісімін берді

Испания ұлттық құрамасы мен ағылшындық «Манчестер Сити» клубының жартылай қорғаушысы Родри болашағына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

2024 жылғы «Алтын доп» иегері «Реал Мадридке» ауысу мүмкіндігін жоққа шығармады:

««Манчестер Ситимен» келісімшарттың бір жылы қалды. Алда ол туралы жақсылап сөйлесу керек.

«Атлетикода» болғаным «Реалда» ойнауға кедергі емес. Бұл жолмен жүрген басқа ойыншылар да бар. Әлемдегі үздік клубтардың ұсынысынан бас тартпау керек.

Ал Винисиуспен ешқандай қастығым жоқ. Оны қатты құрметтеймін. «Алтын допты» кім алатынын біз шешпейміз», – деді ойыншы.

Испаниялық футболшының «Манчестер Ситимен» келісімшарты 2027 жылға дейін есептелген. «Қалалықтар» Родриді 2019 жылы «Атлетикодан» 70 млн еуроға сатып алған еді.

Антуан Гризманн америкалық клубқа ауысатын болды

Гвардиола Лига кубогы финалындағы жеңіс туралы айтты

Өзбекстан Орта Азиядағы ең үлкен стадионды салып жатыр. Фото

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или