Ян Вороговский тарихи топ-10-ға кірді
«Астана» клубының қорғаушысы Ян Вороговский Қазақстан құрамасының барлық уақыттағы үздік сұрмергендері тізімінде топ-10-ға енді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ол бұл көрсеткішке Намибияға қарсы матчта гол соққаннан кейін жетті. Қазіргі таңда оның еншісінде 59 матч, 6 гол және 6 нәтижелі пас бар.
Қазақстан құрамасының үздік сұрмергендері:
Бақтиер Зайнутдинов — 15 гол (44 матч)
Руслан Балтиев — 13 (75)
Виктор Зубарев — 12 (18)
Абат Айымбетов — 9 (45)
Дмитрий Бяков — 8 (34)
Сергей Хижниченко — 8 (52)
Нұрбол Жұмасқалиев — 7 (59)
Асхат Қадырқұлов — 6 (26)
Олег Литвиненко — 6 (28)
Игорь Авдеев, Сергей Остапенко, Исламбек Куат және Ян Вороговский — 6 голдан
Осылайша Вороговский ұлттық құраманың тарихындағы үздік сұрмергендердің бірі атанды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или