«Шахтер» футбол клубының таныстырылымы өтті

«Шахтер» футбол клубының таныстырылымы өтті

Қарағандыда жергілікті «Шахтер» футбол клубының таныстырылымы өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Салтанатты шараға 800-ге жуық қонақ қатысты. Жиын барысында клубтың жаңа формасы паш етіліп, құрам мен бапкерлер штабы да таныстырылды.

Сондай-ақ Freedom Holding Corp. бас атқарушы директоры Тимур Турлов жергілікті жастарға мүмкіндік берілетінін айтты:

«Команданың жаңа маусымға деген мақсаты мен жоспары айқын. Басты назарда жергілікті жастар мен клуб жүйесінде тәрбиеленген ойыншылар болады. Біз тек команда ғана емес, академия, инфрақұрылым және басқарудың жаңа тәсілдерін қалыптастырып жатырмыз. «Шахтердің» жаңа тарихы бүгіннен басталады».

Соңында Дастан Оразбеков ән шырқап, ойыншыларымен автограф-сессия және естелік суретке түсу рәсімі болды.

Қазақстан FIFA Series турнирін жеңіспен бастады

FIFA Series 2026 турнирі ресми түрде басталды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или