Биатлоннан Қазақстан чемпионатының алғашқы жеңімпаздары анықталды

Биатлоннан Қазақстан чемпионатының алғашқы жеңімпаздары анықталды

Щучье қаласында биатлоннан Қазақстан Республикасының чемпионаты басталды.

Турнирдің алғашқы жүлделері спринт жарысында сарапқа салынды.

Ерлер арасында Владислав Киреев жеңімпаз атанды. Александр Мухин екінші болып мәреге жетті. Ал Ержанат Қуандық үздік үштікті түйіндеді.

Әйелдер жарысында Ольга Полторанина топ жарды. Милана Генева күміс жүлдеге ие болды. Дарья Климина үшінші орын алды.

Айта кетейік, Қазақстан чемпионатына елдің тоғыз өңірінен 100-ден астам спортшы қатысып жатыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или