«Қайрат» ойыншысы мансабындағы үздік голдарын атады
«Қайрат» клубының және Қазақстан U-19 жасөспірімдер құрамасының жартылай қорғаушысы Азамат Тұяқбаев Румынияға қарсы матчтағы голы туралы пікір айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.
18 жастағы футболшының айтуынша, бұл гол оның мансабындағы ең әдемі әрі маңызды сәттердің бірі болған.
«Бұл голды «Спортингке» соққан алғашқы голыммен бір деңгейге қоямын. Қазірге дейінгі мансабымдағы ең маңызды әрі әдемі голдар солар», — деді Тұяқбаев.
Айта кетейік, Еуроның элиталық іріктеу кезеңінің алғашқы турында өткен ойында ол нәтижелі паспен де көзге түсті. Ал өткен жылдың қыркүйегінде УЕФА Жастар лигасында «Спортингке» қарсы матчта дубль жасаған болатын.
Жалпы мансабында «Қайрат» тәрбиеленушісі барлық турнирде 49 гол соққан.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или