Соболенко: Рыбакинамен матчтар — нағыз шайқас

Соболенко: Рыбакинамен матчтар — нағыз шайқас

Әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенко қазақстандық Елена Рыбакинамен болатын матч туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Теннисшілер Майамиде өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің жартылай финалында кездеседі.

Соболенконың айтуынша, Рыбакинамен қарсыласу оның дамуына әсер етеді және әр матч жоғары деңгейде өтеді.

«Маған бұл қарсыластық өте ұнайды. Мұндай матчтарда өз мүмкіндігіңді толық тексересің, өсесің. Біз соңғы уақытта жиі кездестік, әр ойынымыз нағыз шайқас болды. Тағы да кортқа шығып, ойнауды асыға күтіп отырмын», — деді Соболенко.

Айта кетейік, Майами турнирі 17–28 наурыз аралығында өтеді. Жүлде қоры 9,4 миллион долларды құрайды. Қазіргі чемпион да — Арина Соболенко, ол өткен жылы финалда Джессика Пегуланы жеңген еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или