Уайт: Махачев шілдеде емес, тамызда жұдырықтасады

Уайт: Махачев шілдеде емес, тамызда жұдырықтасады

UFC президенті Дана Уайт Ислам Махачевтің келесі жекпе-жегінің уақытына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұған дейін америкалық менеджер Али Абдель-Азиз Махачев титулын шілде айында қорғайтынын айтқан еді. Алайда Уайт бұл ақпаратты жоққа шығарды.

«Бұл дұрыс емес. Жекпе-жек тамызда өтеді», — деп жазды Уайт әлеуметтік желідегі пікірінде.

Айта кетейік, Ислам Махачев кәсіби мансабында 29 жекпе-жек өткізіп, 28 жеңіске жеткен. Қазіргі таңда ол UFC рейтингінде салмақ дәрежесіне қарамастан бірінші орында тұр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или