Москвичев: «Қайратпен» ойын қызықты өтеді

Москвичев: «Қайратпен» ойын қызықты өтеді

Санкт-Петербургтің «Зенит» клубының қақпашысы Богдан Москвичев «Қайратқа» қарсы өтетін жолдастық матчқа қатысты ойын білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесу 28 наурыз күні Санкт-Петербургтегі «Газпром Арена» стадионында өтеді. Ойын Астана уақытымен 21:00-де басталады.

Футболшының айтуынша, ол «Қайраттың» ойынын толық бақыламағанымен, бұл команданы мықты қарсылас деп есептейді.

«Қайратты» қатты бақыладым деп айта алмаймын. Бірақ бұл жақсы команда екеніне сенімдімін. Жақында Чемпиондар лигасында ойнап, еуропалық мықты клубтармен кездескен. Қалай болғанда да, бұл қызықты матч болады», — деді Москвичев.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или