Турнирдің топтық кезеңінде ең үздік ойыншылар анықталды
ESL One Birmingham 2026 турнирінің топтық кезеңіндегі негізгі статистика бойынша көшбасшылар анықталды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Dotabuff порталының мәліметінше, ең жоғары KDA көрсеткішін Aurora Gaming командасының мидері Рафлай Mikoto Фатур көрсетті — 17,56.
Екінші орында қазақстандық керри, Team Yandex ойыншысы Алимжан Watson Исламбеков орналасқан — оның көрсеткіші 13,06. Үшінші орынды Егор Nightfall Григоренко (11,83) иеленді.
Үздік бестікке сондай-ақ Илья Chira JUNIOR Хирцов (8,03) және Евгений Noticed Игнатенко (7,73) енді. Олар да топтық кезеңде тұрақты ойын көрсетті.
ESL One Birmingham 2026 турнирі 22–29 наурыз аралығында Ұлыбританияның Бирмингем қаласында өтіп жатыр. Жарыста 16 команда 1 миллион доллар жүлде қорын сарапқа салып жатыр.