Қазақстандық бапкер армейліктер арасында жетістікке жетті

Қазақстандық бапкер армейліктер арасында жетістікке жетті

Мәскеудің ЦСКА клубының бас бапкері Игорь Никитин Құрлықтық хоккей лигасындағы 500-ші жеңісіне қол жеткізді. Бұл тарихи нәтиже СКА-ға қарсы өткен Гагарин кубогы 2026 аясындағы ойында тіркелді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Никитин бұған дейін ЦСКА клубымен 2019 жылы Гагарин кубогын жеңіп алған. Сондай-ақ ол Ярославльдің «Локомотив» командасымен өткен маусымда да аталған трофейді иеленген.

Айта кетелік, Мәскеуде өткен 1/8 финалдың екінші матчында ЦСКА өз алаңында Санкт-Петербургтің СКА клубын 4:2 есебімен ұтты. Қазіргі таңда сериядағы есеп 2:0 боп мәскеулік клубтың пайдасына шешіліп тұр ем.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или