Қазақстандық бапкердің командасы сериядағы есепті 2:0-ге жеткізді.
Континенттік хоккей лига плей-оффында мәскеулік ЦСКА өз алаңында СКА клубын 4:2 есебімен жеңіп, сериядағы басымдығын арттырды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Матчта петерборлықтар алғашқы болып есеп ашқанымен, ЦСКА ойын тізгінін өз қолына алып, сенімді камбэк жасады. Нәтижесінде мәскеуліктер сериядағы есепті 2:0-ге жеткізді.
Айта кетелік, ЦСКА-ны қазақстандық маман Игорь Никитин жаттықтырады, ал оның командасы енді келесі кезеңге шығуға тағы бір қадам жақындады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или