Қазақстандық хоккейші Еуропада тарихи жетістікке жетті!
Финляндияның «Эссят» клубында өнер көрсететін Александр Ким жастар чемпионатының ең құнды ойыншысы (MVP) атанды. Ол сондай-ақ бірден бірнеше жүлдені иеленіп, үздік шабуылшы, үздік бомбардир және үздік мерген атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Осылайша, қазақстандық хоккейші төрт бірдей номинацияда топ жарып, клуб тарихында бұрын-соңды болмаған рекорд орнатты. Бұған дейін мұндай жетістікке ешбір ойыншы қол жеткізбеген.
Айта кетелік, маусым барысында Ким 39 ойында 59 (29+30) ұпай жинап, керемет нәтиже көрсетті. Плей-офф кезеңінде де командадағы ең нәтижелі ойыншы атанып, 6 (2+4) ұпай еншілеген.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или