Қазақстан FIFA Series турнирінде Намибияны қапы қалдырды
Қазақстан құрамасы FIFA Series турнирін сәтті бастады, деп хабарлайды Prosports.kz.
FIFA Series жолдастық турнирінің алғашқы матчында Талғат Байсуфинов шәкірттері Намибия құрамасын 2:0 есебімен тізе бүктірді.
Ойынның 11-минутында Намибияның айып алаңына асырылған доптан кейін түсінбеушілік туындап, Ян Вороговский допты қақпаның бұрышына төмен бағыттау арқылы гол соқты. Командалар алма-кезек шабуыл жасап, қауіпті сәттер ұйымдастырды.
Екінші таймның басында алаңға қосалқы құрамнан шыққан Айбол Әбікен айып алаңы сыртынан теуіп, допты қақпа маңдайшасына тигізді. Африкалықтар есепті теңестіруге тырысты. Бірақ бұрыштамадан кейін Әлібек Қасым баспен дәл соққы жасап, есепті 2:0-ге жеткізді.
Қазақстан — Намибия 2:0 (1:0)
Голдар: Вороговский 12 (1:0), Қасым 79 (2:0).
31 наурызда Қазақстан турнирдегі екінші матчын Комор аралдарына қарсы өткізеді.
FIFA Series 2026 турнирі ресми түрде басталды
Намибия бапкері Қазақстанға қарсы матчқа таңданысын жасырмады
Видео. Қазақстан құрамaсы Намибияға қарсы ойын алдындағы жаттығу жиынын өткізді