Джо Роган: Евлоев пен Волкановски жекпе-жегі Ақ үй алдындағы турнирде өтсін!

Джо Роган: Евлоев пен Волкановски жекпе-жегі Ақ үй алдындағы турнирде өтсін!

Джо Роган UFC-дің комментаторы ретінде ерекше идея ұсынып, Мовсар Евлоев пен Александр Волкановски арасындағы титулдық айқасты Ақ үй алдындағы турнир кардында өткізуді ұсынды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Роганның пікіріне сүйенсек, Евлоев соңғы жекпе-жегінде өте сенімді өнер көрсетіп, чемпиондық белбеуге бірден лайық екенін дәлелдеген. 

«Евлоевтың өнері өте әсерлі болды. Оның қарсыласымен тік тұрыста сабырлы жұмыс істей алғаны мені қатты таң қалдырды! Мен үшін Александр Волкановскимен жекпе-жек өткізсе қызық болар еді. Құдай-ай, соны көргім келеді-ақ. Оның бұл жолы да сәтсіздікке ұшырағанын қаламаймын. Осындай өнер көрсеткеннен кейін бұл  жекпе-жек өтуі тиіс. Ендеше,  Ақ үйдің алдындағы алаңға кеттік!» деді Роган. 

Айта кетелік, ол бұл айқасты орын алса, турнирге ерекше қызық пен тартыс қосылар еді деп санайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или