Финляндиядағы үздік хоккейші Қазақстан құрамасына шақырту алды!

Финляндиядағы үздік хоккейші Қазақстан құрамасына шақырту алды!

Финляндияның «Эссят» клубында ойнайтын 20 жастағы шабуылшы Александр Ким Қазақстанның кеңейтілген құрамына енді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ол маусым бойы тамаша нәтиже көрсетіп, жастар чемпионатында 59 (29+30) ұпай жинап, үздік сұрмерген атанды.

Қазір хоккейші негізгі команда сапына да шақырылып, кәсіби деңгейде ойнап жүр. Енді ол әлем чемпионатына дайындық барысында Қазақстан құрамасына көмектесуі мүмкін.

Айта кетелік, турнирде отандық команда элитаға шығу үшін Франция, Украина, Польша, Жапония және Литва құрамаларымен бәсекеге түседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или