UFC-де жеңіл салмақтағы басты айқастың күні белгіленді

UFC-де жеңіл салмақтағы басты айқастың күні белгіленді

UFC ұйымы жеңіл салмақтағы мықты файтерлер Манел Капе мен Кьодзи Хоригучи арасындағы жекпе-жек кешінің өтетінін ресми жария етті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жекпе-жек 20 маусым күні Лас-Вегаста өтетін турнирдің басты айқасы болады.

Екі спортшы бұған дейін 2017 жылы Жапонияда кездескен. Ол жолы Хоригучи үшінші раундта сабмишн әдісімен жеңіске жеткен еді. Енді Капе сол жеңілістің есесін қайтаруды көздеп отыр.

Айта кетелік, Капе үш жекпе-жекте қатарынан жеңіске жетіп, бабында жүр. Ал Хоригучи соңғы кездесулерінде қарсыластарынан басым түсті. 


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или